Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Жаңаөзен қаласында ТМД-да мұнай газ секторы бойынша ең ірі цех ашылды

    560
    12 қаңтар

    Облыс әкімінің жұмыс сапарының үшінші күні Жаңаөзен қаласында жалғасты. Бүгінгі таңда қала халқы 147 500 адамға жетті (жыл сайын шамамен 4 мың адамға өсуде). Қаланың 2018 жылға арналған бюджеті 14,5 млрд.тг. көлемінде бекітілді.

    Аймақ басшысы мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының өндірістік базасының ашылу салтанатына қатысты. Өндірістік базаның жалпы аумағы 9 гектар. Базада Мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының 300-ден аса қызметкері жұмыс істейді. Аталған басқарманың 5 цех, 2 учаскесі осы нысанға орналасып, өз жұмыстарын бастауда. Мұндай ірі нысан ТМД елдеріндегі мұнай газ секторында алғаш рет салынып отыр.

    Ералы Тоғжанов Жаңаөзен тұрғындарын құттықтай отырып, қаланың 50 жылдық айтулы мерекесі қарсаңында ашылған нысанның маңызын нақтылады.

    «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың күні кеше жариялаған жолдауындағы 10 басымдықтың негізгісі де өндірістік саланы жаңғырту бағытында болды. Өткен жыл қорытындысы бойынша, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 110,3% құрады. Ал, «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы 5013,1 мың тонна шикі мұнай, қала кәсіпорындары арқылы 281,7 млн.текше метр табиғи газ өндірілді. «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы бүгінде 9000-дай мұнайшыны жұмыспен қамтып, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып отыр».

    Өткен жылы «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамының мұнай өндіру көрсеткіші 5 млн. 480 мың тоннаны құрады. Бүгінгі таңда  «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы және оған қатысты мекемелерінің барлық жұмысшы саны – 20 307 адам. 

    Облыс әкімі қала активімен кездесу барысында бірнеше мәселені қозғап, оның шешу жолдарына тоқталды. Жаңаөзен қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі – апатты және тозығы жеткен үйлер.

      «Арнайы комиссияның шешімімен апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына пәтерлер беріп, апатты үйлерді бұзу жұмыстарын жүргізу бағытында бірнеше шара қолға алынды. Өткен жылы бұл мақсатта 431,9 млн.теңгеге 56 пәтер сатып алынды. Қазіргі таңда № 59 үйдің тұрғындарына пәтерлердің кілттері табысталып, тиісті құжаттар рәсімделуде. Апатты жағдайдағы №43 үйдің тұрғындарын  толықтай пәтерлермен қамтамасыз ету үшін қосымша 14 пәтер сатып алу қажет.Бұл 284млн.теңге бөлуді қажет етеді. Сондай-ақ, тозығы жеткен 59 тұрғын үйдің конструкцияларын бекітіп, қауіпті учаскелерін қалпына келтіру шараларын бюджеттің қаржыландыруынсыз өзге мекемелердің күшімен шешу жолдары да қарастырылуда», - деді Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев.

    Сонымен қатар жиын барысында жұмыссыздық пен ауыз су мәселелері көтерілді. Қазіргі таңда қала бойынша жұмыссыздық есебінде – 1088 адам тіркеуде тұр. Жұмыссыздық деңгейі – 1,6% (2016 жылы – 3,0%). Қала және оған іргелес ауылдарда тіркеуде жоқ жұмыссыз жүрген тұрғындардың, отбасы жағдайы төмен жанұялардың нақты санын анықтау мақсатында қала әкімдігінде жұмысшы тобы құрылып, үйлерді аралау жұмыстары басталып кетті.

    Жыл сайын жаз мезгілінде Жаңаөзен қаласы бойынша ауыз су тапшылығы орын алуда. Қалаға тәулігіне «Казтрансойл» АҚ-нан – 20 мың текше метр, Түйе су, Сауысқан кен орындарынан 7,5 мың текше метр, барлығы 27,5 мың текше метр су беріліп келеді. Еділ суы қалалық су тазарту ғимаратында тазартылып отыр. Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласында тәулігіне 30 мың текше метр суды тазартатын жаңа су тазарту ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Нысан құрылысы осы жылы аяқталады.

    Қала әкімі ауыз су мәселесін шешудің 2 жолын ұсынды: 1) Жазғы мезгілдерде «Казтрансойл» АҚ-мен берілетін еділ суының көлемін тәулігіне 5 текше метрге, яғни 20 мың текше метрден, 25 мың текше метрге дейін көбейту;

      2) «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның «Кендірлі» аумағындағы теңіз суын тұщыту зауыты құрылысының жобасын іске асыру.

    Сондай-ақ, облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Нұр капитал» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлері тарапынан қанша өтінім түскенін, жобаның жергілікті жердегі іске асырылу көрсеткішін сұрады.

    «Өңірлік «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлігін іске асыруға қазірдің өзінде 26 кәсіпкер ниет білдіріп отыр. Олармен қамтылатын несие көлемі 1 млрд. теңгенің үстінде. Аталған кәсіпкерлермен кемінде 500 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Қаланың индустриялық аймағында 36 кәсіпкер өндіріс орындарын құруға ниет білдіруде. Олармен шамамен 250 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Индустриялық аймақты ішкі инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтауға осы жылға 54 млн.тг. бөлінді. Бұл жұмыстарды осы жылдың 1-жарты жылдығында аяқтау жоспарланып отыр», - деді Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев.

    Актив кездесуінде Бостандық ш.а. мен Рахат ауылына дренаждық жүйе салу, ауыл ішінің автокөлік жолдары мәселесі, елді мекендерге тротуарлар салу, коммуналдық мекемелердің қаржы-экономикалық жағдайы және т.б. шешілуі қажет  бірқатар мәселелер қозғалып, ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +