Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Мұнайлы ауданында 5 мектептің құрылысы басталмақ

    669
    09 қаңтар

    Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 2018 жылды Мұнайлы ауданындағы жұмыс сапарымен бастады. Аймақ басшысы «Schlumberger Logelco inc» мұнай сервистік компаниясының жұмысымен танысты. Өндірістік база аймақтың мұнай өндіруші компанияларына мұнай барлау, бұрғылау, геофизикалық барлау жұмыстарын жүргізу қызметтерін ұсынады. Бүгінгі таңда компанияның жергілікті бөлімінде 327 қызметкер жұмыс істейді. Компания қызметкерлері облыс әкіміне мамандар даярлауда кездесетін бірнеше мәселелерді көтерді. Осыған орай Ералы Тоғжанов кәсіптік мектептердің басшыларымен осы компания негізінде бірыңғай кәсіптік училищесін құру туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.

    Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Қызылтөбе ауылындағы 75 орындық «Мың ғасыр» жекеменшік балабақшасының жұмысымен танысты. Аталмыш балабақшаның ашылғанына 2 ай. Бүгінде19 адамды жұмыспен қамтып отыр. Облыс әкімі жаңа әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта оның ауласының аумағын кеңейту қажет екенін айтты.

    Аймақ басшысының жұмыс сапары №6 орта мектебінде жалғасты. Аталмыш білім ошағында 3 210 оқушы мен 321 қызметкер бар. Мектеп үш ауысым бойынша білім береді. Ералы Тоғжанов бұл мәселенің оңтайлы жолдарын қарастырып, түпкілікті шешуді тапсырды. Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы бойынша Басқұдық ауылындағы  600 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылы пайдаланылуға берілетіндігін айтты. Сондай-ақ, биыл тағы 5 мектептің құрылысы басталмақ. Сол арқылы аудандағы үш ауысымды оқыту жүйесін реттеуді көздейді. Кездесу соңында облыс әкімі мектептегі жас спортшылармен кездесіп, олардың жетістіктеріне куә болды.

    Облыс әкімі Мұнайлы ауданындағы жұмыс сапары барысында «Эмир ойл» және «Шұғыла» ЖШС мұнай және жанар-жағармай сақтау базасының жұмысымен танысты. Бұл – мұнай өнімдерін алуға, сақтауға және таратуға арналған резервуарлық фермасы және ғимараттар, құрылыстар мен байланыс кешені бар кәсіпорын. ҚазТрансГазға 150 мың тонна ілеспе газ сатады. Ақсаз аймағында зауыттың құрылысы аяқталғаннан кейін шамамен күнделікті 600 м3 өңделген газ алу мүмкін болмақ.  Бұл өңірдегі газ тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бұл жөнінде толық зерттеп, есеп беруді тапсырды.

    Облыс әкімінің келесі объектісі Баянды ауылындағы дәрігерлік амбулатория болды. Мұнда бір ауысымда орта есеппен 50 пациент қабылданады. Амбулаторияда 31 қызметкер жұмыс істейді. Онда 5 дәрігер және 20-дан астам медбике бар.

    Сонымен қатар аймақ басшысы Баянды ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау полигонына барды. Заңды тұлғалар үшін қалдықтарды қабылдау құны 1 текше метрге - 559 теңге, жеке тұлғалар үшін 194 теңге. Ералы Тоғжанов полигонның қалдықтарды жинау жұмыстарына дайындығы, қоқыс өңдеу бойынша инвесторларды тарту туралы есеп дайындауды тапсырды.

    Облыс әкімі «Усманов» ауыл шаруашылық кәсіпорнына арнайы барып, кәсіпкермен кездесті. Шаруашылықтың негізгі қызмет түрі – сүт, айран, шұбат, қымыз өндіретін ірі қара мал. Кәсіпорында 12 қойма, 15 жылқысы бар 2 қора, 4 түйе, 30 тауық және 6 түйеқұс бар. Жеке секторда 20 жергілікті тұрғын жұмыс істейді.

    Сондай-ақ, Дәулет ауылының тұрғыны 28 жыл мұнай саласында қызмет еткен Айтқұл Салманов  5/50 бағдарламасы арқылы шаруа қожалығын ашып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ералы Тоғжанов жеке қожалықты ірі қараны бордақылау, мал өсіретін базаға айналдыру үшін әкімдік тарапынан қолдау көрсететінін айтты. Алдағы уақытта жылқы, сиыр өсірумен қатар, шаруашылықты Еділбай қойларымен толықтыру жоспарлануда.

    Сапар соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданының активтерімен және ақсақалдарымен кездесті. Жиында облыс әкімі тапсырмаларының орындалуы, аудандағы шағын және орта бизнестің дамуы, Қызылтөбе ауылын сумен қамтамасыз ету, жол және тағы басқа бірқатар мәселелер көтерілді. Аудан тұрғындары облыс әкіміне «Асар» қайырымдылық акциясы мен «Нұр Капитал» жобасын жүзеге асырғаны үшін алғыстарын білдірді.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +