Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 11 күні, Жаңаөзен қаласына іс-сапармен келген облыс әкімі Е.Тоғжанов қаланың Оқушылар шығармашылық үйінде қала активімен кездесу өтікізіп, оған облыстық басқарма басшылары, қаламыздың бірқатар мекеме басшылары мен мәслихат депутаттары және тұрғындар қатысқан.
Кездесу барысында қала әкімі Ә.Дауылбаев Жаңаөзен қаласы және оған іргелес орналасқан елді мекендер бойынша өзекті 5 мәселені, атап айтқанда апатты және тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлерге қатысты, жолаушы тасымалы, жұмыссыздық, ауыз су мәселесі мен және қаламыздың ағымдағы жылы 50 жыл толу мерей тойына арналған іс – шаралар туралы баяндама жасап өтті.
Одан кейін, «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Б.Абайылданов баяндама жасап өткен. Жиын барысында облыс әкімі Е.Тоғжанов Президентіміз Н.Назарбаевтың Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін көрсете отырып, қала әкімімен бірқатар мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Жиын соңында сөйлеген қала ардагерлері мен бірқатар қала тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын айтып, ұсыныс - тілектерін жеткізді.
Іс-сапар барысында облыс әкімі қаламыздың апатты және тозығы жеткен кейбір көп қабатты тұрғын үйлерге барып, оның ағымдағы жағдайымен және жөндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, «ӨзенМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының өндірістік базасының ашылу салтанатына қатысып, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Содан кейін, Қызылсай ауылымен және Қарақия ауданына қарасты Бостан ауылының тұрғындарымен кездесу өткізген облыс әкімі кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша қабылданып жатырған іс – шаралар туралы атап өтті.
Іс – сапардың келесі күні облыс әкімі «Сенек» ЖШС-ның мал сою нысанымен, одан өте Құланды ауылында ипподром және жаңадан ашылған қымыз өңдіру цехының қызметімен танысып өтті.