Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Қымбатты жерлестер!
Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады. 2017 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды. Ел тарихында алтын әріптермен жазылатын елеулі оқиғалар – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығы, қысқы Универсиада, бүкіләлем көз тіккен халықаралық ЭКСПО көрмесі сияқты ірі жобаларды іске асырдық, экономикада еңселі биіктерді еңсердік.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел ертеңін айқындап берген тарихи құжат та осы жылдың еншісінде.
Тауық жылы қаламыз үшін де табысты болды. Бірқатар маңызды шаралар іске асырылды, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, қажетті инфрақұрылымдар жүргізілді.
Халқымызда «Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын» деген сөз бар. Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт еншісінен қуаныш пен жағымды жаңалық күтетін, өткенімізге есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді нақтылайтын, үміт пен сенім мерекесі ретінде күтеміз.
Баршаңызды алда келе жатырған Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отанымыз гүлденіп көркейе берсін, әр шаңырақ қуанышқа бөленіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!