Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Аудан әкімдері есеп берді

    198
    23 Шілде

    Облыс әкімдігінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен кеңес өтті, онда Қарақия  және Маңғыстау  аудандарының әкімдерінің 2018 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыңдалды.

    2018 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстар туралы  Қарақия ауданының әкімінің м.а. Қыдырберді Беков баяндады.

    Ауданда негізгі экономикалық макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады. Өнеркәсіп өнімдерінің (үй шаруашылығы секторын есепке алғандағы) ауқымы 2018 жылы қаңтар – маусым айларына 519,6 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139,8 млрд. теңгеге өсті.) Өнеркәсіптік өндірістің индексі - 102,9 пайызды құрады.

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар – маусым айларында 76 887,0 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,8 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейіп отыр. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 3,5 есе артқан.  Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2018 жылдың 6 айында  771,2 млн. теңгені (2017ж 6 айында 536,8 млн. теңге) құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға жетіп отыр.

    Бүгінгі күні Қарақия ауданы бойынша 485 шаруа қожалығы тіркелсе, оның  41 егін шаруашылығы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны – 2724 бас, 31,5% өсті, қой 60784 бас, 4,1% өсті, ешкі 12665 бас, 17,1% өсті, жылқы 13775 бас 19,8% өсті, түйе 11742 бас, 16,8% өсті, құс 3426 бас, 37,1% артты. Қазіргі уақытта ауданда 485 шаруа қожалығы тіркелді, оның 41-і өсімдік шаруашылығымен айналысады.

      «2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 1500 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1288 тұрақты және 212 уақытша. 2018 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 840 адам жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік қорғау шараларымен толық қамтылған. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа 527 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 55 адам, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 32 адам, қоғамдық жұмыстарға 125 адам жіберілді»- деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Қыдырберді Беков.

    Маңғыстау ауданың әкімі Жармағанбет Айтуаров 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өнеркәсіптік өнімдердің маңызды түрлерін өндіру бойынша (қиыршық тас карьерлері, «Каспийцемент» ЖШС-нің ұлу тас, қиыршық тас, цемент, бор т,б) а.ж. 6 айында 295,8 млрд.теңгенің өнімдерін өндірді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі индексі 102,3%, бөлшек сауда көлем индексі 101,7% болғаны туралы баяндады. Айтуаровтың айтуынша, аудандағы ауыл шаруашылығының негізгі түрі - мал шаруашылығы. Ірі қара мал басының саны 180 мыңнан асты, жылқы саны - 41 мың, түйе - 23 мың бас. 6 айда ауыл шаруашылығы өндірісі 1844,9 млн. теңгені құрады.

      Аудан көлемінде 381 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі қызмет етеді. Оның ішінде 343 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі өңдеу өнеркәсібімен айналысады. Ауданның ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы, соның ішінде ет, сүт, жұмыртқа өндіру. 2018 жылдың 6 айында 1569,8 тонна тірілей салмақта ет, 1214,1 тонна сүт, 47,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.

    «Нұр Капитал» шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 226,5 млн. теңгеге 9 жоба мақұлданды, бұл 83 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдағаннан кейін, жобалар қаржыландыру үшін банктерге жіберіледі. Жалпы, 1 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпкерлер саны 2479 адамды құрады, жыл басынан бері өсім - 2,8%. 25 кәсіпкерге 82,87 млн теңге несие берілді.

    «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 10 ауылдық округ пен 14 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі енгізілді.

    2017 жылдың қорытындысы бойынша орталық сумен қамтамасыз ету 67% құрады.  Сондай-ақ,  Тұщыбек, Қызан, Шебір, Шайыр, Ұштаған ауылдарынан "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 4 пәтерлі муниципиалдық (коммуналдық, жалдамалы) тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджеттен 92 590,3 мың теңге қаржы қаралды»- деді Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров.

    Есепті қорытындылай келе, облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +