Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

    169
    20 Шілде

    Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

    1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

    2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

    3) қоршаған ортаны қорғау;

    4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

    5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

    6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

    7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

    8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;

    9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

    10) мәдениет пен өнерді дамыту;

    11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

    12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

    13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

    14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

    15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

    Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

    Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға  ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

    Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

    Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

    1)  өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған үкіметтік емес ұйымның ресми бланкісінде);

    2)  осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

    3)  осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 

    4)  соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

    5)  үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;

    6)  банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

    Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдерҚазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.

    Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

    Заңның қабылдануымен сыйлықақы алуға ұсынуға үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі кеңейді.

    Бұрын сыйлықақы алуға ұсынғаннан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатысуға шектеу болатын.

    Заң қабылданғаннан кейін өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеңімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар, келесі жылдары да сыйлықақы алуға ұсынуға мүмкіндік алады. 

    Қағидаға келесі сілтеме бойынша орналасқан https://diakom.gov.kz/kk/content/buyryktar


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +