Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • «АҚТАУ СЕРПІНІ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

    463
    11 қаңтар

    Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» жолдауына сәйкес еліміздің барлық облыс орталығында, соның ішінде Ақтау қаласында ауқымды істер атқарылды.

    Осыған орай, ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Е.Л.Тоғжанов, сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, қала ардагерлері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері алдында Ақтау қаласының әкімі Ғ.М.Ниязов әлеуметтік даму бойынша «Ақтау Серпіні»атты жаңа жобаны таныстырды.

    Жоба мақсаты – қала тұрғындарының өмір сапасын заман талаптарына сай жақсарту, тұрақты экономикалық даму, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.

    Аталған жоба негізгі 4 стратегиялық бағытқа басымдық беріп отыр.

    Бірінші, адами капиталды дамыту. Соның ішінде: білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт салаларын жақсарту;

    Екінші, қалада тіршілік ету ортасын сапалық тұрғыдан жақсарту. Транспорт, тұрғын үй проблемаларын шешу. Аумақтарды және инфрақұрылымдарды дамыту.

    Үшінші, қаланың бәсекелестік мүмкіндіктерін пайдалану. Инновациялық технологияларды, жаңа өндіріс орындарын енгізу.

    Төртінші, «Ақылды қала» элементтерін енгізу, қайырымдылықты қолдау, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту арқылы басқарудың тиімділігін арттыру.

    Облыс әкімі өз сөзінде Ақтау мен облыстағы барлық жаңа жобаны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жолдауында айтылған бағыттарға сәйкес қарастыру керектігін айтты.

    «Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше нақты бағытты атап өтті:

    1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

    2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

    3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

    4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

    5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

    6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

    7.Адами капитал – жаңғыру негізі.

    8. Тиімді мемлекеттік басқару.

    9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

    10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

    Бұл 10 бағыттың бәрі де Ақтау қаласына тікелей қатысты. Еліміздің саяси тұрақтылығы мен жалпы қоғамдық келісімдік бағытын одан әрі нығайту үшін, сөз жоқ, алдымен экономикалық мәселелер мен қазіргі қоғамдағы нақты әлеуметтік сұрақтарды бірге қарастырып шешуіміз қажет. Осыған байланысты қала әкіміне бірнеше тапсырма жүктелді. Қаланың бас жоспарын қайта қарастыруды керек», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +