Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • 2018 жылы Маңғыстау облысында 5 нысанды жекешелендіру жоспарланды

    632
    08 қаңтар

    Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында 2017 жылға арналған жергiлiктi бюджеттің орындалуы, жекешелендіру жұмыстары және денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай ұзақ мерзімді жоспары қаралды.

    Маңғыстау облысының қаржы басқармасының басшысы Әлбекова Марина Борисовнаның баяндамасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарында облыс бюджетінің барлық деңгейдегі табысы (337,9 млрд. теңге жоспарымен салық төлемдері мен 335,6 млрд. теңге алымдары) 99,3% (РБ + ЖБ) болды.Сондай-ақ республикалық бюджеттің кірісі 203,1 млрд. теңге жоспарымен 204,2 млрд. теңге немесе 100,5%-ды құрап,артық орындалды.

    Жергілікті бюджетке 131,4 млрд. теңге немесе орындалудың 97,4% -ы түсті. Аудандар мен қалалардың жергілікті бюджеттерінің үшінші санаттағы табыстары 98%-дан  103,3% -ға дейін орындалды.2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің шығыстары 175,8 млрд. теңгеге немесе жылдық жоспардың (ЖБ + РБ) 97,6%-ы, оның ішінде жергілікті бюджет 97%, мақсатты трансферттер 99,6%-ға орындалды. (2016 ж. 183,1 млрд.теңге немесе 98,3%, оның ішінде: ЖБ - 98,4%, МT - 97,9%).

    Жыл соңында табыстың жалпы жетіспеушілігінен туындаған қаржы жетіспеушілігі жергілікті бюджеттің игерілуіне әсер еткені байқалды. Облыс бойынша игерілмеген қаржының жалпы сомасы – 4 316 млн.теңгені құрады. Оның ішінде 4 165 млн.теңге жергілікті бюджетке,  151 млн. теңге (экономия) мақсатты трансферттер мен РБ (республикалық бюджет) несиелеріне тиесілі. Республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерінің жылдық жоспары 39 млрд. теңгені құрап, оның 38,8 млрд. теңгесі  (99,6%) игерілді. Игерілмеген және 2018 жылдың 1 наурызына дейін РБ кірісіне қайтарылуы тиіс үнемделген қаржының жалпы сомасы – 150,6 млн. теңге. Жергілікті бюджет шығындарының жылдық жоспары 141,1 млрд. теңгені құрап, оның 137 млрд теңгесі немесе 97%-ы игерілді.

    Сонымен қатар, аппараттық жиында 2017-2018 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында 20 нысан (коммуналдық меншік бойынша– 16 нысан, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компания» акционерлік қоғамы бойынша (әрі қарай –ӘКК) – 4 нысан)жекешелендірілетіні жөнінде айтылды.

    2017 жылы барлығы 15 нысанды (коммуналдық меншік бойынша – 13 нысан, ӘКК бойынша – 2 нысан) жекешелендіру жоспарланып, жыл қортындысы бойынша 6 нысанжүзеге асырылды. Атап айтсақ, 25,9 млн. теңгеге 2 нысан сатылды, сенімді басқаруға 1 нысан берілді, жоюылуына байланысты 3 нысан аукционнан алынды. Қалған 9 объект (коммуналдық қызметтер үшін - 7, ӘКК үшін - 2) аукционға қатысушылардың болмауына байланысты жарамсыз деп танылды. 2018 жылы жекешелендіруге 5 нысан (коммуналдық қызметтер үшін – 3 нысан, ӘКК үшін – 2 нысан) қарастырылды.

    Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай ұзақ мерзімді жоспары жөнінде Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Талғатбек Бапиев баяндады.

    Маңғыстау облысында медициналық ұйымдар желісін құру мақсатындамемлекеттік стандартқа сәйкес 2017-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай ұзақ мерзімді жоспары әзірленді. Аталмыш жоспарға сәйкес облыста 10 аурухана мен 29 амбулаториялық емхана құрылысы жоспарланды (барлығы 39 нысан). Олардың ішінде  МЖӘ механизміне сәйкес - 12, мұнай компанияларынан - 2, жеке тұлғалардан - 4, ЖБ-2 нысан салынбақ.

    МЖӘмеханизмібойынша Ақтау қаласындағы 35-шағынауданнан 535 төсек орындық көпфункционалды аурухана салу жоспарға енгізілді. Ол балалар мен ересектерге арналған 13 мамандандырылған орталықты қамтиды.Ауруханаға көрші Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан да науқастаржатқызылмақ. Қазіргі таңда Атырау облысымен келісім шарт жасалды.

    Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметін оңтайландыру облыс көлемінде бірыңғай диспетчерлік сервиспен орталықтандыруды көздейді.Жаңа тәсіл жедел жәрдем қызметін жаңартуды және аймақтағы 25 модульдік қосалқы станцияның ашылуын қамтамасыз етеді.

    «Бұл жедел жәрдем бригадаларының келу уақытын 5-7 минутқа қысқартып, пациенттерді тасымалдау сатысында өлім-жітімді азайтады, сәтті реанимация қызметін 80%-ға дейін және шұғыл медициналық көмек көрсету жылдамдығын 100% -ға дейін арттырады», - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Талғатбек Бапиев.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +